Сұрақ-Жауап

Алтын кепілдікке берілгенде несие сомасы қалай аяқталады?
Несиенің сомасы әр тұтынушыға байланысты жеке анықталады және әшекейлік бұйымдардың салмағына, алтынның сынықтарына, сіздің бұйымыңыз жасалған алтынның сынамасына, ескіргендігі мен жағдайына тәуелді.

Автомобильді қалай бағалайсыздар және қарыздың мөлшерін қалай анықтайсыздар?
Біз автомобильді оның нарықтық бағасына, сыртық түріне және техникалық жағдайына сүйене отырып бағалаймыз. Қарыз мөлшерін анықтау үшін, біз қарызды қайтару уақыты мен автомобильдің өтімділігін ескеретін амалды қолданамыз.

Мен сіздерден қарыз алып, өз автомобилімді пайдалана бере аламын ба?
Жоқ, біз авто жүргізу құқығымен қарыз бермейміз. Несиені қолдану уақытында, біз автомобильдің автотұрақта тұрғанын қамтамасыз етеміз.

Кепілдік билеті жоғалғанда не істеу керек?
Кепілдік билеті жоғалған жағдайда, несие алынған ломбардқа жүгініп, кепілдік билетінің телнұсқасын беруге өтініш жазу керек. Өзіңізбен, міндетті түрде, жеке куәлігіңіз немесе төлқұжатыңыз болуы тиіс. Телнұсқа тек несие алған тұлғаға беріледі.

Мен алынған несиенің жартысын уақытынан бұрын төлегім келеді, жартылай төлем жасауға бола ма?
Сіз кез-келген уақытта және кез-келген сомамен несиені ешбір комиссиялық төлемсіз және айыппұлсыз жарты - жартыдан төлей аласыз.

Гауһар тастары бар бұйымдар қабылдана ма?
Иә, қабылдаймыз. Бағалау келесі параметрлер бойынша жасалады: гауһар тастың сапасы, тастың пішіні, қырлардың саны және тастың көлемі.

Кері байланыс

Егер сіз көбірек ақпарат алғыңыз келген жағдайда мына үлгіні толтырыңыз. Біз сізбен жақын арада хабарласамыз.
Өтінеміз, барлық міндетті түрде толтырылатын бос орындарды мұқият толтырыңыз..
x

Оставьте заявку наш менеджер свяжется с вами в ближайшее время